Жарияланым этикасы
Автор журналда жариялау үшін қолжазбаны ұсынғанда мақаланың басқа ғылыми басылымда қарастырылып жатпағанына кепілдік береді. Автор мәтіндік үзінділерді, кестелерді, сызбаларды, диаграммаларды және иллюстрацияларды қоса алғанда, барлық пайдаланылған материалдарды белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс ресімдеуге міндетті. Өзге авторлардың мәтінін пайдалану, авторы көрсетілмеген дәйексөздерді келтіру, өзге зерттеулердің нәтижелерін бұрмалау, сондай-ақ плагиаттың кез келген түріне жол берілмейді. Мақаланың түпнұсқалылық деңгейі кемінде 70% болуы тиіс. Плагиат анықталған жағдайда редакциялық алқа мақаланы жариялаудан бас тартуға және автордың келесі мақаласын қабылдамауға құқылы.
Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалану қосалқы құрал ретінде рұқсат етіледі, алайда ол ғылыми ойлауды, авторлық жауапкершілікті және академиялық адалдықты алмастырмайды. Авторлар мақаланың мазмұнына, соның ішінде мәтіндерге, деректерге, интерпретациялар мен қорытындыларға толық жауапкершілік алады. Жасанды интеллект құралдары пайдаланылған жағдайда авторлар «Әдістер» бөлімінде ЖИ қолданылғаны туралы мәліметті, пайдаланылған құралдың (модельдің/қызметтің) атауын, сондай-ақ қолдану мақсаты мен сипатын көрсетуге міндетті. Редакция жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті анықтау құралдарын қолданады және талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда мақала жариялаудан бас тартылуы немесе қайтарып алынуы мүмкін.
Авторлар редакция мен рецензенттердің жұмысына құрметпен және түсіністікпен қарауға, көрсетілген ескертулер мен кемшіліктерді уақтылы жоюға міндетті.
Рецензияланатын журналда мақаланы жариялау – тұтас әрі беделді білім жүйесін дамытудағы маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Ол авторлар мен оларды қолдайтын ұйымдардың ғылыми жұмысының сапасын тікелей көрсетеді. Рецензияланатын мақалалар ғылыми әдісті қолдап қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асырады. Осыған байланысты жариялау процесіне қатысатын барлық тараптар – автор, журнал редакторы, рецензент және баспагер үшін күтілетін этикалық мінез-құлық стандарттарын келісу аса маңызды.
Жарияланым қызметіне қатысатын барлық тараптар (редакциялық алқа, авторлар, рецензенттер, баспагер) өз қызметінде төмендегі қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс:
- объективтілік пен бейтараптық қағидаты, яғни жеке, институционалдық және идеологиялық ықпалдардың жол берілмеуі;
- құпиялылық қағидаты;
- ғылыми адалдық қағидаты;
- сындарлы көзқарас (конструктивтілік) қағидаты.
Бас редактордың жауапкершілігі
«Қазақстанның жоғары мектебі» журналының бас редакторы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ жарияланым қызметінің халықаралық стандарттарын басшылыққа ала отырып, редакциялық алқаның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
«Қазақстанның жоғары мектебі» журналының бас редакторы өз қызметінде төмендегілер үшін жеке жауапкершілік алады:
- барлық рәсімдердің ашықтығы мен есептілігі;
- редакциялық алқаны қалыптастыру;
- жарияланым этикасының сақталуы;
- редакциялық шешімдердің тәуелсіздігі;
- редакциялық саясат пен стандарттардың сақталуы;
- рецензиялау сапасын қамтамасыз ету;
- мақаланы жариялау туралы түпкілікті шешім қабылдау;
- журналдың беделі мен дамуы.
Бас редактордың міндеттері
- журналдың мақсатын айқындау, тақырыптық бағытын қалыптастыру, сапа мен этикаға қойылатын талаптарды белгілеу;
- қолжазбаларды жариялау, пысықтау немесе қабылдамау жөніндегі шешімдерді бекіту;
- редакторларды тағайындау және жұмыс мерзімдерінің сақталуын бақылау;
- жарияланым этикасының сақталуын қамтамасыз ету;
- редакциялық шешімдердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
- редакциялық алқаның қызметін басқару;
- журналдың стратегиялық дамуын қамтамасыз ету.
Редакторлардың жауапкершілігі
«Қазақстанның жоғары мектебі» журналының редакторлары өз қызметінде төмендегілер үшін жауапты:
- қолжазбаларды іріктеу, олардың журналдың тақырыбына, ғылыми деңгейіне және ресми талаптарына сәйкестігін тексеру;
- редакциялық үдерістің объективтілігі;
- рецензиялау рәсімінің дұрыстығы;
- белгіленген мерзімдердің сақталуы;
- құпиялылықтың қамтамасыз етілуі;
- берілген ұсынымдар мен қабылданатын шешімдер.
Редакторлардың міндеттері
- қолжазбалардың журналдың тақырыбына, талаптарына және базалық ғылыми деңгейіне сәйкестігін тексеру;
- тәуелсіз және бейіні сәйкес келетін рецензенттерді іріктеу, мерзімдердің сақталуын бақылау;
- рецензенттердің пікірлерін салыстыру және бас редакторға негізделген ұсынымдар қалыптастыру;
- ескертулерді авторларға жеткізу, қолжазбаны пысықтау барысын бақылау және талаптарды түсіндіру;
- плагиат, мәтіннің қайталануы және мүдделер қақтығысы белгілерін анықтау;
- редакциялық саясат пен ресімдеу стандарттарын сақтау;
- мақаланы қабылдау немесе қабылдамау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеу;
- мақаланы оның мазмұнына жеткілікті деңгейде сенімді болған жағдайда ғана қабылдау;
- қателіктер анықталған жағдайда түзетулерді немесе мақаланы қайтарып алуды жариялауға жәрдемдесу;
- рецензенттердің анонимдігін сақтау;
- журналдың бірізді этикалық саясатын қолдау және дамыту;
- рецензиялау процесінің құпиялылығын қамтамасыз ету;
- жеке адалдық жоғары стандарттарын сақтау, сондай-ақ ықтимал немесе нақты бәсекелес мүдделерді тану және оларды тиісті түрде басқару.
Редакторлар журналдың этикасы мен жарияланым саясаты туралы авторлардың, рецензенттердің және редакциялық алқа мүшелерінің жеткілікті деңгейде хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында олармен қажет болған жағдайда өзара әрекеттесуі тиіс. Этикалық нұсқаулық әділ, бейтарап және уақтылы ұсынылуы қажет. Редакторлар әділдік пен теңдікті ілгерілетуге, сондай-ақ кемсітушіліктің кез келген түріне қарсы тұруға міндетті.
Рецензенттердің жауапкершілігі
«Қазақстанның жоғары мектебі» журналының рецензенттері өз қызметінде төмендегілер үшін жауапты:
- қолжазбаның ғылыми сараптамасының сапасы (қолжазбаның жаңалығын, әдіснамасын, қорытындылардың сәйкестілігін бағалау);
- белгіленген мерзімдердің сақталуы (рецензияны уақтылы дайындау);
- сындарлы (конструктивті) кері байланысты ұсыну (жалпы пайымдаулар емес, нақты әрі тексерілетін ескертулер);
- этикалық нормалардың бұзылуын анықтау;
- мүдделер қақтығысын жария ету.
Рецензенттердің міндеттері
- пайымдаулардың объективтілігін қамтамасыз ету;
- зерттеуге, авторларға және/немесе зерттеуді қаржыландырушыларға қатысты мүдделер қақтығысына жол бермеу;
- дәйексөз келтірілмеген, бірақ мазмұнына қатысты жарияланған еңбектерді көрсету;
- қарастырылып отырған қолжазбаның құпиялылығын сақтау;
- зерттеу этикасының нақты немесе ықтимал бұзылу фактілері анықталған жағдайда журнал редакторын дереу хабардар ету;
- қолжазбаны адал, білікті және бейтарап сараптауды қамтамасыз ету.
Авторлардың жауапкершілігі
«Қазақстанның жоғары мектебі» журналына мақаланың қолжазбасын ұсыну кезінде авторлар төмендегілер үшін жауапкершілік алады:
- деректердің, қолданылған әдістердің және жасалған қорытындылардың дұрыстығы;
- мәтіннің түпнұсқалығы және жарияланым этикасы талаптарының сақталуы;
- авторлықтың дұрыс көрсетілуі және әрбір автордың үлесінің айқындалуы;
- мүдделер қақтығысы мен қаржыландыру көздерін ашық көрсету;
- зерттеулер жүргізу барысында этикалық және құқықтық нормалардың сақталуы;
- редакциямен тиімді өзара іс-қимыл жасау.
Авторлар мақаланың мазмұны үшін жарияланғаннан кейін де толық жауапкершілік сақтайды.
Авторлардың міндеттері
«Қазақстанның жоғары мектебі» журналына мақаланың қолжазбасын ұсыну кезінде авторлар төмендегілерді орындауға міндетті:
- плагиат пен өзін-өзі плагиаттауға жол бермей, түпнұсқа ғылыми нәтижелерді ұсыну;
- зерттеудің әдістерін, дерек көздерін және шектеулерін дұрыс әрі толық сипаттау;
- авторлар қатарына тек зерттеуге нақты үлес қосқан тұлғаларды енгізу және барлық теңавторлардың келісімін алу;
- қаржылық, институционалдық және жеке мүдделердің бар-жоғын ашық мәлімдеу;
- адамдарға және/немесе жануарларға қатысты зерттеулер үшін этикалық мақұлдауды қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда ақпараттандырылған келісімді алу;
- бір қолжазбаны бір мезгілде бірнеше журналға қатар ұсынуға жол бермеу;
- манипулятивті өзін-өзі дәйексөз келтіруге жол бермей, толық әрі дәл библиографиялық сілтемелерді қамтамасыз ету;
- редакция мен рецензенттердің ескертулеріне уақтылы және негізделген жауап беру;
- қателіктер анықталған жағдайда мақаланы түзетуді немесе оны қайтарып алуды бастамалау.
