2023-1-3

Авторлар: МАХАШОВА П.М., САБРАЛИЕВА Ж.Т.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ІЗДЕНІМПАЗДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

DOI: 10.59787/2413-5488-2023-41-1-24-30

Бұл мақалада студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастырудың негізгі
шарттары, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыми шығармашылыққа
ұмтылу мәселелеріне тұжырым жасалынған. Сонымен қоса, студенттердің ғылыми
зерттеу жұмыстарын жетілдіру, оқу орындарында жоғары білікті ғылыми және тәжірибелі
мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, ақыл-ой
қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы
және біліктілігін қамтамасыз етуге негізделген.
Студенттерді танымдық ізденімпаздығы арқылы ғылыми-педагогикалық қызметке
даярлау, өз бетінше білімін көтеру, ғылыми-техникалық, мәдени-ақпараттармен жұмыс
істеуі, оқудағы жетістіктеріне бағыттау мәселелеріне талдаулар жасалынған.
Түйін сөздер: мотивтер, дидактикалық аспект, теориялық аппарат, эксперименттік,
интегралдық құрылым.

Полная версия статьи