АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ МОТИВАЦИЯСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
DOI:
https://doi.org/10.59787/2413-5488-2023-42-2-7-17Кілт сөздер:
мотивация, демотивация, шет тілін үйрену, стратегия, мінез-құлықАңдатпа
Оқытушылар мен зерттеушілер мотивация мен демотивацияны шет тілін (L2) оқытудағы ең маңызды элементтердің бірі ретінде есептейді. Бұл зерттеу мотивацияның рөлі мен оның студенттерге әсер ететін факторларын қарастырады.
Бұл мақалада ата-ана, қоршаған орта және оқытушының студенттерге ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынасына байланысты факторлар зерттелді. Бұл зерттеу жұмысына дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының қоғамдық-гуманитарлық пәндер департаментінде ағылшын тілін оқитын 1- курстың 40 студенті қатысты. Қатысушыларға аталған факторларға қатысты бірнеше мәлімдемелерден тұратын сауалнама берілді. Ағымдағы зерттеу студенттерді ынталандыратын, бірақ ағылшын тілін үйренуге деген оң көзқарасты басатын стратегиялар мен мінез-құлықтардың бар екенін көрсетті. Бұл нәтижелер студенттердің оларға ата-аналары ағылшын тілін үйренуге қолдау көрсеткенде олардың ынтасының жоғарылағанын көрсетті. Сонымен қатар бұл зерттеу жұмысында студенттердің сенімін нығайту студенттерді ынталандыратыны және достарымен жұмыс істегенде олардың мотивациясының жоғарылағаны анықталды.
