2023-1-1

Авторлары: Б.Ж. САРЫБАЕВА, К.М. КАЙДАРОВА

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ

DOI: 10.59787/2413-5488-2023-41-1-7-15

Мақалада TIMSS, PIRLS және PISA халықаралық зерттеулері бойынша оқу дағдыларын
және жетістіктерін бағалаудың тұжырымдамалық негіздерін сипаттауға және
функционалдық сауаттылыққа мониторинг жүргізу аясын жайлы сөз қозғалады. Сол
бойынша білім бағдараламасына сәйкес материалдарын әзірлеу қызметі туралы
айтылады. Негізгі мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын және жетістіктерін бағалауға
арналған заманауи бағалау құралдарының және түрлерінің рөлі мен орны туралы түсінік
беріледі, заманауи оқу дағдыларын бағалау, талдау және қалыптастыру үшін әзірлеген
құралдар жиынтығының ерекшелігі сипатталады. Оқу сауаттылығын бағалауға арналған
тапсырмалар жиынтығының мысалдары келтірілген , әр сынып бойынша, соның ішіндегі
5 және 7, 8 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау үшін тапсырмалардың
ерекшеліктері сипатталған.
Бұл мақаланың мақсаты білім беруді дамыту стратегиясы институтының білім сапасын
бағалау орталығында әзірленген негізгі мектептегі білім алушылардың оқу сауаттылығын
бағалаудың тұжырымдамалық тәсілдерін және тиісті құралдар: құрылған тапсырмалар,
осы тапсырмаларды бағалау жүйелері мен түрлері, алынған нәтижелерді өңдеп қарастыру
және түсіндіру болып табылады. Функционалдық сауаттылық мониторингі шеңберінде
функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігі ретінде оқу сауаттылығын қалыптастыру
және бағалау мәселесін зерделеу, педагогика ғылымдарының басқа салаларының
мамандарымен анықталған мәселелерді кеңінен талқылау қажеттілігі атап өтіледі.
Түйін сөздер бағалау, оқу сауаттылық, PISA, PIRLS, TIMSS, білім беру процесі,
функционалдық сауаттылық.

Мақаланың толық нұсқасы