2023-1-4

Авторлар: РЫМХАНОВА АЙНАГУЛЬ РЫМБЕКОВНА, ШАХАРБАЕВА ЗАМЗАГУЛЬ ЖОЛАМАНОВНА, АЛИБЕКОВА АСЕЛЬ МУРАТОВНА

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК СТУДЕНТТІК ЖАСТАРДЫҢ ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ

DOI: 10.59787/2413-5488-2023-41-1-31-38

Мақала жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында еріктілер қызметін
ұйымдастыру мәселесіне, атап айтқанда «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім
беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құқықтық көмек көрсетуі мәселесіне
арналған. Бұған дейін «Инклюзивті білім беру шеңберінде студенттердің еріктілік
қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» ғылыми-зерттеу жобасы аясында еріктіліктің
ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілері бойынша басқа да мәселелері
қарастырылған болатын. Құқықтық көмекке мұқтаж адамдарға ерікті көмек ретінде
өтеусіз көмек көрсету бірден екі мақсатты жүзеге асыра алады: кәсіби және тәрбиелік
тұрғыдан, біріншіден, бұл болашақ мамандардың практикалық дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі болса, екіншіден, әр курсанттың немесе магистранттың азаматтық ұстанымын,
адамгершілік позициясының көрінісі. Ұсыныс ретінде авторлар кәсіптік білім беру
саласындағы волонтерлікті жандандыру мәселесін; волонтерлік тақырыптарға арналған
конференциялар, семинарлар ұйымдастыру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар
мен ересек адамдарға құқықтық көмекті іске асыру жөніндегі ұжымдық және авторлық
жобаларды әзірлеу, профессор-оқытушылар құрамына кәсіптік білім беруде еріктіліктің
ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу мүмкіндігін қарастыру тәрізді шешімдерді ұсынады.
Түйін сөздер: еріктілік, құқықтық көмек, кәсіптік даярлық, тәрбие жұмысы, өтеусіз заң
көмегі

Мақаланың толық нұсқасы