2023-1-5
Авторлар: ТӘЖЕНБАЕВА А.Ж, ОРЫНБАЕВА Ұ.Қ.
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУЫН ҚАБЫЛДАУЫ
DOI: 10.59787/2413-5488-2023-41-1-39-45
Шет тілін оқыту тиімді тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас үшін қажетті
коммуникативтік қабілеттердің дамуына ықпал етеді. Мұғалім шет тілін оқытудың ең тиімді
педагогикалық технологиялары мен әдістерін таңдауға ғана емес, сонымен қатар оқушылар
топтарының этникалық біртектілігін ескере отырып, оларды қолдану ерекшеліктеріне
де назар аударуы керек. Бұл жағдайда мәдениетаралық қарым-қатынас басқа тілдердің
мәдениетін түсінудің негізгі стратегиясы ретінде білім беру процесінде бірінші орынға
шығады. Студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігін дамыту процесі
ең жаңа ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланған жағдайда тиімдірек болады.
Төңкерілген сынып-ұсынылған технологиялардың бірі. Бұл мақалада орта мектеп
оқушыларының мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін
төңкерілген сыныптық тәсілді қолдану туралы мұғалімдердің пікірі қарастырылады. Мақалада орта мектептің шет тілі мұғалімдері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері
сипатталған.
Түйін сөздер: МАК, мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілік, аралас оқыту,
төңкерілген сынып, төңкерілген оқыту.








