Әлеуметтік интегралды GPA (SSCI) болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде

Авторлар

  • Жандос Зулпыхар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Зухра Әбдіхалық

DOI:

https://doi.org/10.59787/2413-5488-2023-42-2-35-42

Кілт сөздер:

әлеуметтік интегралды GPA, интеллектуалдық даму, волонтерлік қызмет, шығармашылық белсенділік, қарым-қатынас дағдылары, спорттық жетістіктер, қоғам, әлеуметтік белсенділік, құзыреттілік

Аңдатпа

Қазіргі қарқын дамып жатқан заманда ешбір адам қоғамнан шеттеніп, яғни оқшалана алмайды. Ерте балалықтан қартайған шаққа дейін біз айналамыздағы адамдармен тығыз қарым-қатынаста боламыз, тұлға-аралық қарым-қатынас орнатамыз, адамдарды бір-бірімен тұтас топтарға біріктіреміз әрі осылайша көптеген және сан алуан қарым-қатынастар түрлерінің  ажырамас бір мүшесі болып табыламыз. Білім алушылар да қоғамның толық құқықты қатысушы бола тұрып, әлеуметтік белсенділігі жоғары тұлға ретінде қарастырылады.

Мақалада «әлеуметтік интегралды GPA»  тұжырымдамасының мәні қарастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік белсенділікті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құрамдас бөліктер айқындалады. Әлеуметтік GPA интеллектуалдық даму, қарым-қатынас дағдыларын, әлеуметтік және волонтерлік қызмет, шығармашылық белсенділік және спорттық жетістіктерін қамтиды. Сондай-ақ, жаһандану жағдайында еңбек нарығын тәжірибеге бағытталған адами капиталмен қамтамасыз етеді.   

Студенттік ұйымдарға қатысу, волонтерлік және спорттық іс-шаралармен айналысу топпен жұмыс істеу дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін, жеке және ұжымдық жауапкершілікті  қалыптастыру  және дамытуға  оң әсерін тигізеді. Роулин мен Бангертердің [1] зерттеуі студенттер ұйымының жетекшілігінің көшбасшылық қасиеттерді нығайтуға ықпал ететінін көрсетеді. Білім алушылардың қоғамдық іс-әрекетке қатысуы мен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту арасындағы байланысы да жоғары.

Әлеуметтік белсенділік көптеген құзыреттіліктерді және дағдыларды дамытады: қарым-қатынас дағдылары, спорт және салауатты өмір салты, эмоционалды интеллект (EI), еріктілік, топтық жұмыс және т.б.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің мақсаты – ғылымға негізделген экономиканы құруға қатысатын, қоғам алдындағы жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар жеке тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығымен анықталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-27

Журналдың саны

Бөлім

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ