БІРТҰТАС БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ

Авторлар

  • Нүркен Абайұлы Алматы менеджмент университеті
  • Шолпан Сағатова Алматы менеджмент университеті

Кілт сөздер:

білім беру саласы, маман даярлау, бәсекеге қабілеттілік, Абай, «Толық адам», ілім

Аңдатпа

Бүгінгі жас маманға қойылатын талаптар өте көп. Сондықтан 
заманауи білім беру саласы оқу-тәрбие үрдісі тұрғысынан да, қоғамдық сана тұрғысынан 
да қайта қарау мен трансформацияны қажет етеді.   Бұл тұрғыда еркін өнер мен ғылым 
моделіне негізделген білім уақыт сұранысын қанағаттандыра алады. Өйткені тек осы 
білім беру моделі – мәдени-әлеуметтік, коммукативтік, құндылық құзыреттерінің 
кешені.  Бұл модель оқытушының оқу-білім туралы ақпаратты беруші , біржақты рөлін 
өзгертіп, білім алушының өз бетімен және өз еркімен білім алуға ұмтылу құштарлығын 
аша алады. Қазақстанның білім беру жүйесінде осы модельді енгізуде ұлы ойшыл Абай 
Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясына сүйенсек, білім берудің тың 
бағдарламасын жасауға болады. Себебі бұл ілім – қазіргі дәуірдің рухани темірқазығы 
ғана емес, сонымен қатар заманымыздың іргелі мәселелеріне деген жаңа көзқараспен 
сәйкес келетін философиялық ілім.  
Ал бұл бағдарлама өз кезегінде толықтай іске асып, нәтижесін берсе, еліміздің 
еңбек нарығы жан-жақты жетілген, ой өресі биік, талғамы жоғары, рухы мықты, 
бәсекеге қабілетті жас мамандармен толығатын болады.

Автор өмірбаяндары

  • Нүркен Абайұлы , Алматы менеджмент университеті

    School of Transformative Humanities, Алматы менеджмент университеті, Алматы қ., Қазақстан; e-mail: nurkenaubakir@gmail.com; ORCID: 0000-0003-3056-378.

  • Шолпан Сағатова , Алматы менеджмент университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, School of Transformative Humanities, Алматы менеджмент университеті, Алматы қ., Қазақстан; e-mail: astana14_14@mail.ru; ORCID: 0000-0002-7820-2812.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ПІКІРТАЛАС, ОЙ ТОЛҒАУ