КОРПОРАТИВТІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ФОРМАЛДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН КООПЕРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Амантай Абилхаирович ҚР ҒЖБМ жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы
  • Қарлығаш Сәкенова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
  • Әсем Әлшорина ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы
  • Айтжан Кулумжанова ҚР ҒЖБМ жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы

DOI:

https://doi.org/10.59787/2413-5488-2024-45-1-43-56

Кілт сөздер:

оқу ұйымдары, біліктілікті арттыру, бейресми білім беру, микроквалификация, білім беру қызметтері, тәжірибеге бағдарлану, бәсекеге қабілеттілік, әріптестік

Аңдатпа

Мақалада әлемнің дамыған елдерінің негізінде заманауи үздіксіз білім беру жүйесін дамытудағы корпоративтік университеттердің рөлі талданады. Корпоративтік университеттердің жұмысындағы тарихи және аймақтық айырмашылықтар және олардың дәстүрлі университеттермен байланысы зерттеледі. Мақалада әдебиетке шолу әдістемесін қолдана отырып, корпоративті университеттердің қалыптасуы мен дамуын зерттеу үшін соңғы ғылыми мақалалар мен практикалық әдебиеттер қарастырылды. Әдебиеттерді жинау әр түрлі электронды ресурстарды шолуды көздеді. Академиялық журналдар "корпоративтік университеттер", "әр түрлі елдердің корпоративтік оқу орындарындағы оқыту жүйесі", "бейресми білім беру" және "корпоративтік университеттердің қызмет түрлері" кілт сөздері немесе аннотациялар арқылы мақалалар жинақталды. Корпоративтік университеттің ресми білім беру ұйымымен өзара іс-қимылының маңыздылығы анықталды. Осылайша, бұл жұмыстың мақсаты -  корпоративтік университеттердің дәстүрлі университеттермен ынтымақтастығына перспективалық көзқарас беру турасында. Бұл қатынастардың маңыздылығының дәлелі-қазіргі уақытта талданған нәтижелерде екі институт арасындағы байланыстардың қажеттілігіне бірнеше рет назар аударылады. Ең құнды нүктелердің бірі-екі мекеме де бәсекеге түспейді, олар бірін-бірі толықтырады. Нәтижесінде ресми білім беру ұйымдарында корпорацияның өтінімдері бойынша микроквалификация алу үшін қысқа курстарды енгізу, өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып, білім алушыларды даярлау мақсатында өңірлік корпорацияның немесе ұйымның талаптарын ескере отырып микроквалификация каталогын жасау ұсынылды. Сарапшылардың болжамы бойынша, микроквалификация білім беру технологиясын енгізу - әлемдік ауқымдағы білім беру қызметтері нарығын өзгертеді.

Автор өмірбаяндары

  • Амантай Абилхаирович, ҚР ҒЖБМ жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы

    cаясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Астана қ., Қазақстан; e-mail: a.nurmagambetov@n-k.kz.

  • Қарлығаш Сәкенова, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

    химия ғылымдарының кандидаты, Астана қ., Қазақстан; e-mail: k.sakenova@sci.gov.kz .

  • Әсем Әлшорина , ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы

    аграрлық техника және технология мамандығы бойынша философия докторы (PhD),  Астана қ., Қазақстан; e-mail: a.alshurina@n-k.kz.

  • Айтжан Кулумжанова, ҚР ҒЖБМ жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы

    аймақтану ғылымдарының PhD кандидаты, Астана қ., Қазақстан; e-mail: a.kulumzhanova@n-k.kz.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ