ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Алма Жакимовна Мурзалинова Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті 
  • Альфина Нигаматзяновна Сакаева Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Назым Толеубековна Уалиева Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • Айнагуль Амангельдиновна Кабдирова Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша КДИ»
  • Салтанат Булатовна Мукушева Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

DOI:

https://doi.org/10.59787/2413-5488-2023-44-4-64-74

Аңдатпа

Мақаланың мазмұнын болашақ педагогтердің (базалық ретінде) пәндік және педагогикалық құзыреттіліктерін ықпалдастырудағы үздіксіз кәсіби даму құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша зерттеу материалдары құрайды.

Базалық құзыреттіліктердің критериалды құрылымы ұсынылады, олардың қалыптасуы білім алушылардың академиялық жетістіктерін ынталандырады, демек, кәсіби дайындық сапасына сәйкес келеді.

Ұсынылған интеграциялық ресурстар: өзіндік қиындықтарды жеңу және кәсіби сәйкестендіру қажеттіліктерін жүзеге асыру процестерін басқару агенттері ретінде қарастырылатын өзін-өзі дамыту жұмыс дәптері және білім беру арнасы – болашақ педагогтердің кәсіби даму экожүйесінің функционалдық құралдары ретінде негізделген. Зерттеу нәтижелері болашақ педагогтердің мамандыққа кедергісіз өтуіне байланысты, бейімделу процестері оқытудың өзіндік стратегияларын жоспарлау, бақылау және бағалау дағдыларымен қамтамасыз  етілген. Білім беру парадигмасының ауысуы жағдайында үздіксіз кәсіби даму құзыреттіліктері білім беру саясатын жақсартудың негізі болып табылады

Автор өмірбаяндары

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫ