БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Амина Акзатовна Мухамбетова Национальный центр развития высшего образования
  • Айдос Агдарбекович Мухатаев Национальный центр развития высшего образования
  • Қарлығаш Боранбайқызы Боргекова Национальный центр развития высшего образования
  • Гульвира Габдылкаримовна Темирова Национальный центр развития высшего образования

DOI:

https://doi.org/10.59787/2413-5488-2023-44-4-20-33

Кілт сөздер:

образовательная программа, реестр образовательных программ, информационная система, оценка образовательных программ, качество образования

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты - сапалы білім беру құралы ретінде «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесін талдау.

2018 жылы академиялық дербестікті ұсына отырып, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) еңбек нарығының талаптары мен ерекшеліктерін ескере отырып, стейкхолдерлерді тарта отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеуге мүмкіндік алды. Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын есепке алу үшін 2019 жылдан бастап «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Тізілім барлық білім беру бағдарламалары бойынша мәліметтерді ұсынады: оның мақсаты, еңбек сыйымдылығы, оқыту тілі, оқу нәтижелері және пәндер.

Зерттеу шеңберінде халықаралық тәжірибеге талдау және «ББ тізілімі» қазақстандық ақпараттық жүйесіне талдау жүргізілді, білім беру бағдарламаларын есепке алудың ақпараттық ортасы ретінде білім беру бағдарламалары тізілімінің жұмыс істеу тетігі ашылды.

ББ тізілімі тек есептік функцияны ғана емес, сонымен қатар бағдарламалардың мазмұнын ішкі және сыртқы бағалауды жүзеге асыруға және олардың мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді деген қорытындылар жасалды; жұмыс берушілерді бағдарламаларды әзірлеуге және бағалауға олардың сараптамасы арқылы тарту білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға айтарлықтай әсер етеді.

Осылайша, бірыңғай қалыптасқан «ББ тізілімі» ақпараттық жүйесі ЖЖОКБҰ жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуде және цифрландыруда маңызды рөл атқарады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ